Түркістан облысында жеңгетайлықтың 7 фактісі анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 10 жеңгетай мен 30 жезөкше анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының Полиция департаменті жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында облыс аумағында жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың 7 фактісі анықталды.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер моншалар мен қонақүйлерді, ойын-сауық ғимараттарын, притондар болуы ықтимал басқа да жерлерді тексерген.

«Криминалдық полиция басқармасының полицейлері Сарыағаш қаласында 2 қонақүйден притонды анықтады. Онда жедел уәкілдер ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті төрт қызды тапқан. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматшалары болып шықты», - делінген ақпаратта.

Ал, Сайрам ауданында сауна мен қонақүйден де жезөкшелер табылған. Онда жеңіл жүрісті 8 қыз анықталды. Оның біреуі Өзбекстан Республикасының азаматшасы болса, қалғандары – жергілікті тұрғындар.

Притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған әйелдер де ұсталды.

«Шара барысында қонақүйлер мен сауналарды жалға берген иелері жауапқа тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») хаттама толтырылды», - деді ПД-дан.

Сондай-ақ бір-бір фактіден Мақтаарал, Қазығұрт, Жетісай аудандарында да анықталған.

«Жалпы, рейд барысында тәртіп сақшылары 30-дан астам жеңіл жүрісті қыз-келіншек пен 10 тұлғаны «Жеңгетайлықпен» есепке алды. Барлық жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті полицияда.

Соңғы жаңалықтар