Түркістан облысында жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Әлемде және елімізде орын алған карантиндік шараларға қарамастан, жыл басынан бері өңірде 706,1 мың тонна өнім экспортталған. Осылайша шаруалар 90,5 млн АҚШ долларының өнімін саудалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, ауыл шаруашылығында жыл басынан бері 522,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 103,5%-ды құраған.

«Барлық шаруашылықтарда мал басы көбеюде. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 1,1 млн бастан, қой мен ешкі – 4,4 млн бастан асады. Түйе 16,2%-ға артып, 34,1 мың бастан асты. Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 158,4 мың тоннаны құрады, сүт өндіру 600,5 мың тоннадан асты. Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында. Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тн. сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тн. қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тн. жылқы еті экспортталды», - деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Ресей, Украина, Белоруссия елдеріне 133,4 мың тонна бақша өнімдері экспортталғанын жеткізді. 1690,8 тонна балық өнімдері Еуропа (Германия, Литва) және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 13 тонна шұжық өнімдері және 1876,9 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылған.


Соңғы жаңалықтар