Түркістан облысының 2 тұрғыны жалған евромен ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының екі тұрғыны жалған евромен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш қаласының екі тұрғынын номиналы 500 ЕВРО болатын 3 жалған купюраны 350 мың теңгеге өткізу барысында ұстаған.

Сарыағаш аудандық сотының үкіміне сәйкес Б.Сапаров және Н.Жанизакова ҚР ҚК-нің 233-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға сәйкесінше 2 жыл 6 ай және 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар