Түркістан облысының 40-тан астам полицейі марапатталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Түркістан облысының 40-тан астам полицейі марапатталды. Салтанатты жиында сондай-ақ, Елбасының өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Елбасы жолы» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен шарада полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков құттықтау сөз сөйлеп, Тұңғыш Президенттің еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай тер төккен қызметі қашанда халық жадында екенін жеткізді.

«Елбасымыз өз сөзінде: «Құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізу қажет. Өмір сапасы қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Қылмыспен күрескенде ішкі істер органдарының қызметкерлері алдыңғы шепте жүреді және өмірлерін қатерге тігеді...« деп тәртіп сақшыларының жұмысын бағалады. Сондықтан Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасымен күннен күнге қылмысты азайту мен болдырмау жолында қызмет етіп келеміз. Алдағы уақытта бұдан да жоғары көрсеткіштерді көрсету үшін әрбіріңізге артылған сенімге селкеу түспеуі керек. Киелі өңірдің тәртіп сақшысы екенімізді үнемі сезініп, соған лайық, адал әрі жауапты болайық! Әрқашан бейбіт күнде бірлікте өмір сүре берейік!», - деді Қайрат Дәлбеков.


Соңғы жаңалықтар