Түркістан облысының бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырмақ

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпені ең алдымен өңірдің бас санитар дәрігері мен қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы салдыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала басшылары мұндай қадамға ел ішінде вакцинаға деген сенімділікті арттыру үшін барып жатқандарын айтты.

Облыстың бас дәрігері Марат Пашимовтың айтуынша, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны күн санап артып келеді. Жыл басынан бері өңірде 335 адамнан қауіпті індет белгілері анықталған. Әсіресе Созақ пен Сайрам және Мақтаарал аудандарында індетке шалдығу жиілеп тұр. Сондықтан аймақта екпе салу шараларына дайындық шаралары осы бастан жүргізіліп жатыр.

«Ең бірінші екпені қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері салдырады. Олар инфекциялық госитальда жұмыс істейтін қызметкерлер. Кейін жедел жәрдеммен жүретін қызметкерлерге салуды жоспарлап отырмыз. Үшінші, СЭС-тің мамандары салдырады деп жоспарлануда. Төртінші, құқық қорғау органдарының мамандары. Ары қарай бізде «Д» есебінде тұрған адамдар вакцина алады» деді Марат Пашимов.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпаннан бастап егілетіндігі хабарланды.

Сонымен қатар 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды. Ал бүгінгі Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар