Түркістан облысының полицейлері жол апатына ұшыраған қырғызстандық жүргізушіге көмектесті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Полицейлер жол апатына ұшыраған қырғызстандық жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 қаңтарда шамамен кешкі сағат 22.30-да, Бәйдібек ауданы аумағындағы Шымкент-Самара тас жолының 56 шақырымында «Вольво» маркалы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.
Оқиға орнына жеткен Бәйдібек АПБ-нің полицейлері шетелдікке автокөлікті қайта тұрғызуға көмектесіп, оны айыппұл тұрағына жеткізді. Көкөністер тиелген бұл автокөліктің Қырғызстан Республикасынан Ресей Федерациясына қарай бағыт алғаны анықталды. Жол апаты салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге тиісті медициналық
көмек көрсетілді.
Ер адам, яғни Қырғызстан азаматына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Осы жайт бойынша жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.
Қырғызстан Республикасының азаматы полицейлердің көрсеткен көмегіне өз ризашылығын жеткізді: «Түнгі уақытта трассада менің көлігім аударылып кетті. Сол сәтте дер кезінде көмекке келіп, мені құтқарып қалған полицейлерге алғыс айтамын. Мені тамақтандырды, медициналық көмек те көрсетілді. Аударылған көлігімді қайтадан тұрғызып берді. Полицейлерге үлкен рақмет!», - дейді ол.
- Кегенде 53 бас мал қарасан және пастереллезден қырылған - әкімдік
- Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылды
- Мүгедек қыздың зорлануына қатысты шағым: Министрлік Шымкенттің әлеуметтік орталығын тексереді
- Ақтөбеде көлік апатынан 2 адам көз жұмды
-
Дубайдан ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус табылды
-
БҚО-да автобус жүргізушілері үш күнде 271 рет жол ережесін бұзған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам