+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Түркістан облысының прокуроры браконьерлермен күресті күшейтуді тапсырды

2019 жылғы 16 қараша 18:41
Бөлісіңіз:
Түркістан облысының прокуроры браконьерлермен күресті күшейтуді тапсырды

ШАРДАРА. ҚазАқпарат –Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Шардара ауданының халқымен кездесті. Қоссейіт, Тұрысбеков және Жаушықұм ауыл округтерінен 100-ге жуық тұрғын облыс прокурорына өзекті мәселелерді жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында киік атқан браконьерлер ұсталды Қорықшыларға қауіп төндіргендер 20 жылға дейін сотталуы мүмкін Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі - Бас прокуратура

Жиында таяуда аудан прокуроры болып тағайындалған Руслан Абдраимов аудандағы өзекті мәселелерді шешуде қабылдаған шаралармен таныстырды. Ауданның полиция және білім бөлімдерінің басшылары да қылмысқа қарсы, оның ішінде кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша атқарған жұмысын баяндады.


Мұнан соң кездесуге келген 9 азамат прокурордың жеке қабылдауында болды. Жергілікті тұрғындар негізінен ауыз судың сапасы, аудан орталығының табиғи газбен қамтамасыз етілмеуі, су қоймасының жағалауында туризмді жандандыру мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, сол аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек беру, өз бетінше жер қойнауын пайдалану мен агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау, көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз қарыз беру жайын көтерді.

Облыс прокуроры сонымен қатар облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбековпен, сондай-ақ полиция департаменті және кәсіпкерлер палатасының басшыларымен бірлесіп, аудан орталығында жергілікті активпен кездесу өткізді. Онда кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі жер телімдерін мемлекет пайдасына қайтарудың сот тәжірбиесіне қатысты мәселемен қатар балық ресурстарындағы браконьерлік пен мал ұрлығы, жол-көлік оқиғалары мен кәмелет жасына толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу жөніндегі шаралар талқыланды.


Тұрғындардың айтуынша, браконьерлермен күрес өзекті болып отыр. Жыл басынан бері полиция органы бір қылмыстық және 43 әкімшілік іс қозғаған. Қылмысқа жауапкершілік барына қарамастан заңбұзушылық саны азаймауда. Табиғат ресурстарын айналымға түсіру бойынша браконьерлердің заңсыз әрекеттері үнемі артып жатыр. Құқық бұзушылар барлық шектеу мен ережелерді елемей, өз ісін бәсеңдетпей, заңсыз әрекеттерін жалғастыруда. Өз кезегінде облыс прокуроры құзырлы органдардың профилактиалық жұмысының әлсіздігінен жоғарыда атап көрсетілген қылмыс түрлері өсіп жатқанын атап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров аудан прокуроры Руслан Абдраимовқа және полицияға аудандағы заңдылықты нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар осы ауданның лауазым иелеріне түйткілді мәселелерді шешу мен қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жандандыру бойынша жекелеген ұсыныстар берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT