Түркістан облысының Түлкібас ауданында 140 отбасы баспаналы болды

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 140 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды |ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа пәтерлер көпбалалы және аз тұрмысы төмен отбасыларға берілді. Атап айтқанда, 83 пәтер көпбалалы отбасыға, 45 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 12 пәтер мемлекеттiк қызметшi мен бюджеттiк ұйым қызметкерлерiне берілген.
Сондай-ақ, ауданда ішкі жолдарды жөндеу, инфрақұрылым жүргізу, абаттандыру сынды жұмыстар 2020 жылы жақсы жүргізілген. Аудан аумағындағы 67,88 шақырымды құрайтын 54 жол күрделі және орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның ішінде, 19,3 шақырым 6 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 49 шақырым 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көшелерді жарықтандыру бойынша 6 елді мекеннің 8 көшесіне соңғы үлгідегі жарықшамдар орнатылып, пандемия кезінде аса маңызды нысандардың бірі болған орталық ауруханаға баратын Абиров, Бекбосынов және Қонаев көшелеріне қосымша 100 данасы қойылған. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында Састөбе кентінде заманауи кәріздік сорғы станциясы мен кәріздік суларды тазалау орынының құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
- Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
- Түркістан облысының ауылындағы интернет сапасына байланысты операторға айыппұл салынады
- Көктем-2021: Түркістан облысында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр
- Түркістан облысында үшем дүниеге келді
-
Италиялық компания Түркістан облысында күн электр стансасының құрылысын бастады
-
Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам