Түркістан облысының тұрғыны өзен бойынан 4 граната тауып алды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Келес ауданының тұрғыны полиция бөліміне 4 дана РГД-5 жарылғыш затын ерікті түрде тапсырды. Бұл заттарды ол өзен бойындағы ағаш арасында оралып жатқан жерінен тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балық аулауға барған келестік тұрғын тауып алған жарылғыш заттарды қайда жасырарын білмепті. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды полицейлер сатып алып жатқанын есіткен соң, бірден бөлімге алып келген. Сондай-ақ, өткізген гранаталарға сыйақы беруін сұрапты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 25 сәуірден бастап Түркістан облысы аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өтуде. Сондай-ақ, заңсыз қару сатумен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды ұстау, қару сақтау талаптарының орындалуын тексеру жүргізілуде.

Акцияның 19 тәулігінде облыс көлемінде 112 азаматтан 167 дана отты атыс қару алынған. Оның ішінде 23 ойық ұңғылы, 137 дана тегіс ұңғылы және 7 шолақ мылтық бар.



Соңғы жаңалықтар