Түркістан: Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Созақ ауданында қар құрсауында қалған 50 жолаушыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін 16:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жабылған КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» тасжолында «Шаян–Шолаққорған» арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 км қашықтықта қар құрсауында қалған «Шымкент–Степной бағытындағы автобус ішіндегі жолаушыларға және басқа да автокөліктердегі адамдарға көмек көрсетілді» делінген хабарламада.

Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 2 дана техника барды.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәлімдеуінше, 1 автобус және 5 жеңіл автокөлігіндегі 50 жолаушы оның ішінде 3 бала болған. Қазіргі таңда қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп, Шолаққорған ауылына жеткізілді. Қаза тауып, жарақат алғандар жоқ.


Соңғы жаңалықтар