Түркістан және Жамбыл облыстарында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл және Түркістан облыстарында өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18-19 мамыр күндері Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады деген болжам бар. Осыған байланысты тау бөктерінен төмен қарай сел жүріп, өзендер мен көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін» деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің 12 өңірінде ауа райы бұзылуына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар