Түркістанда 97 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны талапқа сай емес

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысындағы 97 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны талапқа сәйкес келмейді. Тіпті, Сарыағаш пен Арыс аудандары аумағындағы санитарлық-қорғаныш аймағына тұрғын үйлер салынып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдаудың нәтижесінде 97 полигонда қоқыс тасымалдайтын көліктердің дөңгелектерін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы бетон ванна орнатылмағаны анықталған. Сондай-ақ, 85 полигонның аумағы периметр бойынша қоршалмаған.

Облыс аумағындағы 257 елді мекенде жергілікті атқарушы органдар қатты тұрмыстық қалдықтарды тұрақты әкетуді ұйымдастырмаған. Соның салдарынан тұрғындар қалдықтарды өз күштерімен тасымалдаған. Сондай-ақ, облыстағы 158 полигонның тек біреуінде ғана сұрыптау желісі орнатылған.

«Облыс әкімдігі мен санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментіне аталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде 13 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 12 әкімшілік іс өндірісі қозғалып, 4 226 940 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Серік Әбдиев.


Соңғы жаңалықтар