+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Түркістанда әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды

2019 жылғы 9 желтоқсан 15:17
Бөлісіңіз:
Түркістанда әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы орталық емханада өңірдегі жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың жұмысын жақсарту мақсатында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президенттік кадр резерві жастар үшін әлеуметтік лифтіге айналды - Еркебұлан Боранбаев Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР ІІМ және Шекара қызметінің оқу орындарында болды Шымкент соттарында Президент Жолдауын түсіндіру жұмысы жүргізілуде

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған шарада бастапқы медико-санитарлық көмек мәселелері талқыланды.

Семинар барысында елімізде ашылған Бастапқы медико-санитарлық көмек ұлттық қауымдастығының директоры Роза Абзалова мен қауымдастық өкілдері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан арнайы келген мамандар әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мен қоғамдағы рөлін күшейту мәселелерін сөз етті. Халық арасындағы негізгі әлеуметтік мәселелерді анықтау мен жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жайын баяндады.

Бастысы, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бағдарламасы мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмалар аясында атқарылуы тиіс жұмыстар барысын үйретті. Әлеуметтік қызметкерлердің түрлі саладағы өзекті мәселелерге араласып, белсенділігі күшейіп отырғанын жеткізді. Өйткені қазір бұл қызметкерлер халықпен етене жақындасып, жанашырлық танытып жүр. Олар аудан, қалалардағы, ауылдық жерлердегі әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелерді анықтап, ведомствоаралық жұмыстарын күшейту арқылы тұрмысы төмен отбасыларға дер кезінде көмек көрсетіп келеді. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж, жалғызбасты отбасыларға қол ұшын созу немесе көпбалалы аналарға көмек беру үшін қолдан келген шараларды жасауда. Аз қамтылған жанұялардың баспанасы жағдайының нашарлығын да басты назарға алып, ондай отбасыдан шыққан балаларды мектептерде ыстық тамақпен қамтылуына үлес қосуда.

Мәселен, Түркістан қаласындағы емханадан ашылған «Адалдық алаңы» моделі негізінде тәжірибе жұмыстары көрсетіліп, оны өзге өңірлерде жүзеге асыру әрекеттері үйретілді. Себебі, бір ғана алаң арқылы кез-келген азамат барлық керек қызметтерін алып, қаншама уақытын үнемдей алады.

Семинар барысында осы салаға бейімделген тренерлер осындай алаңдардың әлеуметтік жұмыстарды жеңілдетіп, тұрғындарға тиімді тұстарын атап өтті. Айта кетейік, дәл осындай алаңдар бүгінде Сарыағаш, Шардара, Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Отырар сияқты бірқатар аудандар мен Асық ата кентіндегі емханалардан ашылып отыр. Семинар соңында еліміздің басты қалаларынан келген мамандар емхана қызметкерлерінің сауалдарына толыққанды жауаптарын беріп, басқосудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT