Түркістанда екі отбасы табиғи газға тегін қосылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданында көпбалалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасы көгілдір отынға тегін қол жеткізді. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Игі істі Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «ҚазТрансГаз» АҚ жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйіне келіп тұрса да, тапшылық қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген.

Жалпы, шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында облыс, қала әкімдіктері газ таратушы мекемелерімен бірлесіп тұрғындарға табиғи газ жүйесіне қосылу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Оған қоса, қатты отын пайдаланатын барлық моншалар, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру көзделіп отыр. Бұл бағытта да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әлеуметтік және кәсіпкерлік 9 нысан табиғи газға ауыстырылған.

Облыс орталығын газдандыру мәселесі Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Түркістан қаласын 100 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде қала тұрғындарының 41% табиғи газбен қамтылған.




Соңғы жаңалықтар