Түркістанда көпқабатты үйлерге алғаш рет газ берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы «Самал» мөлтек ауданындағы көпқабатты 4 үйге газ беріліп, 64 отбасы қуанышқа кенелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев тұрғындармен кездесіп, халықты қуанышты жаңалықпен құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары көптен бері өзекті мәселеге айналған газдандыру жұмыстары оң шешімін тауып келе жатқанын айтты.

«Бұл көпқабатты үйлерге газ құбыры 5 жыл бұрын тартылып қойған. Белгілі себептермен аяқталмай қалған мәселе өз шешімін тауып отыр. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бүгінде газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүруде. Жалпы, газбен қамту жұмыстары 11 кезеңнен тұрады. Бүгінде оның 7 кезеңі сәтті іске асырылды», - деді Мейіржан Иябайұлы.

Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасы аясында 104 тұрғын үйге көгілдір отын жеткізілген. Жақын күндері қосымша тағы 150 үйге газ беріледі. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін Түркістан, Кентау қалалары 100 пайыз газбен қамтылады.



Соңғы жаңалықтар