Түркістанда мас күйінде көлік жүргізген 7 адам жауапқа тартылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарған 7 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кезекті рейдтік шара кезінде жергілікті полиция қызметкерлері екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз мәслихатының мәліметінше, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралар кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 1614 және қоғамдық тәртіпті бұзу бойынша 269 жәйт тіркелген. Айыппұл тұрағына 186 тәртіп бұзушының автокөлігі қойылған.

Бір құқықбұзушы жолдың қарсы бетіне шыққаны үшін және тағы бір жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көлік құралын жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 39 жасөспірімді анықтап, ұсақ бұзақылық жасаған 55 адамға шара қолданды.



Соңғы жаңалықтар