+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Түркістанда тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге артты

2021 жылғы 13 қаңтар 19:16
Бөлісіңіз:
Түркістанда тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге артты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жаңа атауға ие болды Қасым-Жомарт Тоқаев баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды Мемлекет басшысы Қызылорда өңірінің басшысынан құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты 89 тұрғын үйдің құрылысы бюджет есебінен жүріп жатыр. Алдағы уақытта алты мыңдай отбасы қоныс тойын тойлайды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың баяндамасы тыңдалды.

Өткен жылғы пандемияға қарамастан, Түркістан күрделі жағдайда болса да дамып келеді. Былтырғы жылдың қаланың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң сипатқа ие болды. Жыл қорытындысымен 336 пәтерлік 7 қабатты жеті тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылдаудан өткен. Барлық үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пайдалануға берілді. Желтоқсан айында жеті қабатты бес тұрғын үй пайдалануға берілген.

Кестеге сәйкес, 12 көпқабатты тұрғын үй биылғы жылдың сәуір айына дейін толық аяқталады. Қазір онда 500-дей жұмысшы, 8 техника жұмыс істеуде. Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығындаға қалған 77 тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылға өтпелі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT