Түркістанда ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру мәселесі талқыланды
Семинарға аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен ауылдық округ, кент әкімдері, шаруа қожалық төрағалары мен мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген аудан тұрғындары қатысты. Жиында сөз алған аудан әкімі кәсіпкерлерге еттің сапасы мен түрлі аурулардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы белгіленген мал сою бекеттерінде сою қажеттігін ескертті. Басқосуда қатысушылар ұсақ шаруашылықтардан бастап ірі мал бордақылау алаңдарын аралап, жұмысын өз көздерімен көрді. Жиында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы мен шаруа қожалық төрағалары зәкірлік жоба ретінде алынған «Адал» шаруа қожалығының аумағында семинарға қатысушыларға мал бордақылаудың қыр-сырымен бөлісіп, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдауларды кеңінен түсіндірді. Қожалықта «Сыбаға» бағдарламасымен алынған бұқашықтарды
Айта кетейік, облыс әкімі Ө.Шөкеев өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында үш басым бағытты белгілеп берген болатын. Мал шаруашылығы күн санап дамыт келе жатқан Түлкібас ауданында ет өнімін көршілес елдерге экспорттау жұмыстары да қарқын алып келеді. Мәселен, аудандағы «Адал» шаруа қожалығының өзі ағымдағы жылы Өзбекстан республикасына 1000 тонна етті экспорттау бойынша келісім шартқа тұрған.