Түркістанда жас ана дүниеге үшем әкелді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының № 2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 жастағы Гүлмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2 200 гр, 2 310гр, 1 980 гр болған», делінген хабарламада.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшем перзентханадан шығуға әзір.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.


Соңғы жаңалықтар