Түркістанда жоғалған 14 жасар қыз Алматыдан табылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы полицейлері анасына ескертпестен Алматы қаласына қыдырып кеткен 14 жасар қызды үйіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында кәмелет жасына толмаған қызы түнгі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

«Із-түссіз жоғалған 14 жасар қызды іздеуге барлық тиісті шаралар қабылданды. Іздестіру барысында, қыздың Алматы қаласында екені анықталды және Алматы-Жетісай бағытындағы автобуспен келе жатқаны белгілі болды», - деді полиция қызметі.

Тергеу барысында анықталғандай, қыз өзінің кәмелет жасына толған дос қызымен бірге Алматы қаласына кетіп, сонда таныстарымен қыдырған екен.

Тәртіп сақшылары оны аман-есен анасына табыстады. Сонымен қатар, анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Соңғы жаңалықтар