+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілген

2021 жылғы 3 наурыз 22:52
Бөлісіңіз:
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілген

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген. Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» әлеуметтік қызметкер саны 25-ті құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жыл сайын 168 мың азамат әлеуметтік қолдаумен қамтылады 48 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды Биылғы I тоқсанда 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Әлеуметтік қызметкерлер үйде жеке басты қарттарды және ерекше қажеттілігі бар балаларды күтумен айналысады.

Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде есепте тұрған 29 жалғызбасты қарт пен ерекше қажеттілігі бар 90 бала және 18 жастан асқан 5 ерекше қажеттілігі бар азамат әлеуметтік қызметке жүгінген.

Көрсетіліп жатқан көмектер қатарында әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер мен әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық қызмет түрлері бар.

Сонымен бірге, 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар жандар мен қарттарға үй жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне, қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру сынды жұмыстар жасалып жатыр.

Б ұдан өзге мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру мен әлеуметтік-құқықтық қызметтерде көмек қолын созу, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде білікті және тиімді көмек көрсету жүйелі жүзеге асырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT