Түркістандағы фабрика ерлер мен әйелдерге брендті костюмдер тігетін болады

None
None

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының индустриялық аймағында орналасқан «Turkіstan Textile» тігін фабрикасының жұмысы бүгінде жандана түскен. Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен кәсіпорнының құрылысы рекордтық мерзімде аяқталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылына 15 мың дана тоқыма өнімін шығаруға қауқарлы кәсіпорын толық іске қосылғанда 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылатын болады. Тігін фабрикасы салтанатты түрде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповтің қатысуымен ашылған еді. Бүгінде кәсіпорын өз өнімін өндіруге кірісті.


Инвестор қызметкерлерді жалдау кезінде мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға жұмыс орындарын ұсынуға баса назар аударуға ниетті. Сонымен қатар, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенттеріне практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік беріледі. Бауырлас мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында іске асырылған жобаның бастамашысы – «Qojakent Textile» ЖШС компаниясы. Кәсіпорын жыл сайын 15 000 бірлікке дейін тоқыма өнімін өндіруді жоспарлап отыр. Тігін фабрикасы түрлі арнайы киімдер (медициналық халаттар, арнайы формалар) мен сыртқы киімдерді, «Ataman және Ramsay» брендтерімен ерлерге және әйелдерге арналған костюмдерді шығаруды жолға қоймақ. Жалпы зауытқа тартылған инвестиция сомасы шамамен 420 млн теңгені құрайды.


Соңғы жаңалықтар