+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Түркістандағы нысандардың құрылысына отандық тауарлар қолданылмайтыны анықталды

2020 жылғы 13 қараша 00:54
Бөлісіңіз:
Түркістандағы нысандардың құрылысына отандық тауарлар қолданылмайтыны анықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы құрған арнайы мониторинг тобы облыс орталығындағы бірнеше құрылыс нысанын аралады. Тексеру барысында мемлекеттік сатып алудағы бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылған топ «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы тендерден кейінгі бақылауды жүргізді. Олар Түркістан қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысы мен әкімшілік-іскерлік орталығындағы бульвар салу жұмысымен танысты. Жаңадан бой көтеріп жатқан драма театрдың құрылысы мен қолөнершілер орталығын реконструкциялау, Кентау қаласындағы Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысын аралап көрді.

«Мониторинг нәтижелері бойынша, құрылыс барысында пластик терезенің профилі мен кейбір құрғақ құрылыс қоспасы, импорттық материалдар пайдаланылатыны анықталды. Алайда, жоғарыда аталған барлық номенклатура бойынша отандық тауар өндірушілер бар екені белгілі»,- дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасы сатып алу және жергілікті қамту бөлімінің басшысы Сәттар Игенов.

Мәселен, Оранғай ауыл округінде салынып жатқан «Кенсай-Қосқоған-2» су қоймасының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ресейлік материалды қолданып жатқаны анықталды. Елімізде аталған құрылыс материалын өндіретін 5 мекеме бар екенін атап өту керек. Мониторинг нәтижесімен құрылыс нысанының тапсырыс берушісіне мердігер мекемемен бірлесіп, отандық тауарларды пайдалануды қарастыру тапсырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT