+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады – әкім

2019 жылғы 22 қараша 00:51
Бөлісіңіз:
Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады – әкім

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы жаяу жүргіншілер жолдарының сапасы төмендемейді, бақылауда болады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталығындағы аяқ жолдар мен веложолдар салу жұмысымен танысу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда Ақтөбеліктер мемлекеттік бағдарламалардың арқасында баспаналы болды Таразда тоқсан пәтерлі 9 қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді

Шаһар басшысының сөзінше, істеліп жатқан жұмыстардың сапасы бойынша шағымдар көптеп түскен. Тексеру кезінде олардың сапасына жауапты компаниялар болса да, кемшіліктердің бар екені белгілі болды. Мұндай олқылықтарды өз көзімен көрген әкім олардың қайта сапалы түрде салынатындығын баса айтты. Бұл мәселе бойынша, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына бірқатар тапсырмалар беріп, назарға алуын ескертті. «Көптеген тұрғындар өз шекарасынан аса жерлерді қоршап алып, ағаш еккен жерлер өте көп. Олармен келісіп, қоршаулар алынып тасталады. Ондағы ағаштардың жанына орындықтар, бейнекамералар мен жарықшамдар қойып, сол аумақтың халқы серуендейтін кіші аллеяларды жандандыратын боламыз. Осындай жобада 20 шақты кіші аллеялар салуды көздеп отырмыз. Жалпы ұзындығы 5 км-ді құрайтын болады. Бұл дүниелер қоршаулардың орнына салынып, нәтижесінде тұрғындарға жайлы, ыңғайлы орта қалыптасатын болады», – деді шаһар басшы. Әкімнің сөзінше қаладан шеткі аумақтар да тасада қалмайды. Келер жылы балаларға арналған ойын алаңдары мен кіші, үлкен саябақтар салу жоспарланған. Мақсат – тек саябақ салу ғана емес, кәсіпкерлерді тартып, жұмыс орындарын ашу болып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT