+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Түркістандағы Жүсіп ата кесенесі аумағында сапар орталығы салынады

2021 жылғы 18 ақпан 11:37
Бөлісіңіз:
Түркістандағы Жүсіп ата кесенесі аумағында сапар орталығы салынады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан қаласындағы Жүсіп ата кесенесі аумағында демеушілер есебінен сапар орталығының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев қарияларды Түркістанды тамашалауға шақырды Түркістанды дамыту арқылы түркі әлемінің ынтымағын нығайтамыз - Йалчын Топчу Түркістанның тарихи көшелері қайта жанданады - министр

Қазіргі таңда орталықты жобалау құжаты әзірленіп жатыр. Жоспар бойынша онда туристер мен зияратшыларға арналған қызмет көрсету орталығы салынады. Ғимарат 4 бөлмеден тұрады, яғни әкімшілік, музей экспозициясы, қонақ бөлмесі және шаруашылық орындары қарастырылған.

Тарихи деректер мен аңыз-әфсаналарда Жүсіп ата Қожа Ахмет Ясауидің жиені әрі замандасы, шәкірті болғандығы айтылады. Оның кесенесі Түркістан қаласынан 25 шақырым жердегі Ескі Иқан елдімекенінде орналасқан. Жергілікті маңызы бар ескерткішке 2005 жылы археологиялық зерттеулер жүргізіліп, құрылыстың іргесі ХV ғасырда қаланғандығы анықталған.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында көрсетілген басымдықтарды негізге ала отырып, Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға келген туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында бірқатар жұмыс қолға алынған. Соның ішінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен Жүсіп ата кесенесінде де туристерді шоғырландыру мақсатында көптеген игі шара жүзеге асырылып жатыр.

Тарихи-мәдени қорық-музейді дамыту, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстары еліміздегі туризм саласының дамуына серпіліс береді деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT