+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Түркістанды абаттандыру жұмыстарына аудандар да атсалысуда

2020 жылғы 20 қараша 10:00
Бөлісіңіз:
Түркістанды абаттандыру жұмыстарына аудандар да атсалысуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласында жыл басынан бері абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар секторлардың жұмысын аралап көрді. Аудан басшылары оған қаланы абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, Ордабасы ауданына 13 көше, Төлеби ауданына 11 көше және Түлкібас ауданына 9 көше бекітілген. 8 шақырымға созылған көшелерге ағаш, газон егу және тамшылап суғару жүйесін орнату жоспарланған. Жоспарланған 12 мыңға жуық көшеттің 96,2%-ы отырғызылған. Қараша айының аяғына дейін терек, үйеңкі, ірі жапырақты қарағаш, арша ағашы мен раушан гүлдері егіледі.

Түлкібастықтар өздеріне бекітілген секторда сенбілік өткізіп, 9 көшені тазалады. 7 мың түп жасыл желек пен газон егілді. Сондай-ақ, орталық Дастанов көшесіне жаңадан суару жүйесі орнатылды.

Сайрам ауданының секторында 8,48 шақырымды құрайтын 9 көшеде 7655 көшет отырғызылды. Ауданға бекітілген №2 секторда тұрақты түрде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, жерді тегістеу, шұңқыр қазу, көшет егу жұмыстары жүргізілді. Қазылған ұяшықтарға топырақ салынып, көшет тамырын ылғалдандыратын гидрогель және топырақты қопсыту үшін биогумус себілуде. Сонымен қатар, көшеттерді суғару жүйесі жүргізіліп, газон егіледі.

Шардара ауданына бекітілген аумақта да көшеттер отырғызылып, гүлдер егілген. Айнала күл-қоқыстан тазартылып, тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Түркістан қаласын көгалдандыруға Төлеби ауданы да атсалысып жатыр. Аудан басшысының бақылауымен, 7354 ағаш көшеттерін егу, көшеттерді суғару үшін 12 119 метр тамшылатып суғару жүйесін жүргізу және 5 дана ұңғыма қазу жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, қала аумағында 7 мыңнан астам арша, терек, қара ағаш көшеттері отырғызылмақ.

Шаһарды көгалдандыру аумағы 187 га құрайды. Саябақтарды жайқалтып, гүлзарларды көркейту, желекжолдар мен тұрғын үй орамдарын, қоғамдық ғимараттарды көгалдандыру іске асып жатыр.

Қаланың климаттық жағдайын ескере отырып, қала сыртында көгалдандырудың үздіксіз жүйесін және Сырдария өзенінің табиғи өсімдіктер дүниесімен қосылуды қамтамасыз ететін жасыл белдеуді қалыптастыру көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT