Түркістандық бағбан табысын 2,5 мың теңгеден 5 миллионға арттырған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданының бағбаны табысын 2500 теңгеден 5 миллион теңгеге дейін арттырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Жұпарбек Керімбеков өз кәсібін үйінің жанындағы бау-бақшадан бастаған. Шаруа алғашқы кезде ауласындағы 15 сотық жерге қызанақ егіп, 1 қорабын 2500 теңгеден сатып келген.

«Бақшадан пайда тауып, кәсіп ашамын деп ойламаған едім. Кейін, уақыт өте келе үй іргесінен егістік жерге ауысып, диқаншылық жасауға көштім. Қазір баялдырдың өзінен 5 миллион теңге көлемінде пайда таптым. Құдайға шүкір, диқаншылықтың, еңбектің арқасында тұрмыстық жағдайымды жақсартып, бала-шағамды оқытып отырмын. Ерінбей еңбек етсең, жер ана жерге қаратпайды», – дейді жетісайлық диқан.
Айта кетейік, қазір баялдырдың 1 келісі көтерме бағамен 270 теңге тұрады. Аталмыш бақша дақылы гектарына 25 тоннаға дейін өнім береді.


Соңғы жаңалықтар