Түркістандық дәрігерлер Түркияда тәжірибеден өтеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық медицина мамандары Түркия елінде тәжірибе алмасуға аттанып кетті. Ыстанбұл қаласына біліктілігін арттыруға кеткендердің арасында жедел жәрдем станциясының 10 дәрігері мен фельдшері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл шараны облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы ұйымдастыруда. Басты мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды емдеуге даярлау болып отыр.
Айта кетейік, біліктілігін шыңдау үшін кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау, Ордабасы станцияларының медициналық қызметкерлерінен жасақталған. Олар осы елдегі көптеген медицина мекемелерінде болып, әріптестерімен тәдірибе алмаспақ. Жинақталған тәжірибе өңірдегі жедел медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға мүмкіншілік бермек. Басқарма тарапынан жыл соңына дейін тағы бірнеше топты шет мемлекеттерде оқыту жоспарланып отыр.
Жалпы, өткен жылы өңірдің ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 3 мыңға жуық медициналық қызметкер біліктілігін арттырған.
- Түркістан: Армандар орындалатын қала
- Өмірзақ Шөкеев қарияларды Түркістанды тамашалауға шақырды
- Түркістан облысының Шардара ауданында дзюдо залы ашылды
- Түркістанды дамыту арқылы түркі әлемінің ынтымағын нығайтамыз - Йалчын Топчу
-
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделеді
-
Түркі әлемінің ренессансын бастан кешудеміз – Шахрат Нұрышев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам