Түркістандық кеденшілер рәсімделмеген 6 тонна тауарды тәркіледі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» кеден бекетінде рәсімделмеген 6 тонна тауар тәркіленді. Қазақстандық азаматтар Өзбекстан Республикасынан жеткізілген тауарды заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, шекарадан өткен азаматтар мемлекеттік шекарадан өткен кезде жүк көліктерін бос деп көрсеткен. Алайда кедендік тексеру кезінде ведомство қызметкерлері автокөліктерден азық-түлік пен әртүрлі заттарды тапқан. Онда 137 қорапқа қапталған 2710 келі құрт, 10 қапқа салынған 300 келі көк шай және 16 қап балалар мен әйелдер және ерлер киімдері болған. Әрі бұл тауарлардың барлығы рәсімдеуден өтпеген. Сондай-ақ, кейін тағы бір Т.С. есімді ҚР азаматының Өзбекстаннан салмағы 2055 келіні құрайтын 137 қорап құрт пен 250 келі көк шай тәрізді рәсімделмеген тауарларды алып өтпек болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Сонымен қатар, мамыр айының ортасында Қазақстан азаматтары көрші республикадан 608 келі кәуап таяқшаларын заңсыз алып шықпақ болған. Оларды соя ақуызы түрінде алып өткен. Бұл тауар кедендік рәсімдеуден өтпеген, сондықтан шекарадан өту кезінде тәркіленген. Сонымен қатар, тағы бір дерек бойынша бос деп көрсетілген жүк көліктерінің бірінен 62,7 келі киім табылған. Бұл жүк те шекарадан заңсыз өту кезінде ұсталды. Шекара арқылы тауарларды заңсыз алып өту деректері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар