Түркістандық полицейлер тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Мақтаарал ауданында тәртіп сақшылары көпбалалы аналар мен балаларын өзі асырап отырған жалғызбасты тұрғындардың үйіне арнайы барып, азық-түлік себебін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған аудандық полиция бөліміндегі тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметкерлері өз қаржысын жинап, 10-ға жуық отбасыға көмек қолын созды. Олар төтенше жағдай кезінде қиындықтарды бастан өткеріп отырған жанұяларға және олардың балаларына қуаныш сыйлағысы келгендерін айтады.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа қолдан келгенше көмек көрсету біздің күн тәртібімізден түскен емес. Бұл бағыттағы жұмыс біздің полиция бөлімінде мереке сайын жалғасын тауып отырады. Әр бөлімдегі қызметкерлер бірігіп, көмекке мұқтаждарға қол ұшын созып тұрамыз. Білім күні қарсаңында да балаларға арнайы сөмке, оқу құралдары мен киім-кешектер сатып алып бердік. Қыста тұрмысы төмен отбасыларға көмір, отын түсіріп береміз. Қажет болса, азық-түлік пен киімнен бөлек, қаржылай көмек те береміз. Бұл жолы әрбір үйге ең қажетті деген азық-түлікті жеткізіп бердік», – дейді полицейлер.


Соңғы жаңалықтар