Түркістандық прокурорлар 8 мың кәсіпкердің құқығын қорғады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының прокуратурасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалымен бірге бекітілген ынтымақтастық меморандум аясында аталған бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқару органдары өкілдері мен құқық қорғау және бақылаушы органдары басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.

Бұл жиын өңірдегі кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған жұмыстардағы қиындық туғызатын өзекті мәселелерді анықтау мен оны бірлесе отырып шешудің жолын қарастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Кеңес барысында мақта өніміне қатысты бағаның тұрақсыздығы мәселесі көтеріліп, халықты газбен қамтамасыз етуші монополистердің көрсетілетін қызметтері үшін алдын-ала жүз пайыздық төлемдерді сұрау талаптары сөз болды.

Сондай-ақ, облыстың 12 ауылдық округіндегі кәсіпкерлердің жер учаскелерін қайта рәсімдеу мәселелері бойынша өзекті мәселелер қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша жүйеленген мәселелердің оң шешімін табатын механизмін жасау және кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған кезек күттірмейтін шараларды шешу керектігі айтылды. Бұл міндеттерді орындау үшін құқық қорғау мен бақылаушы органдары қызметкерлері құрамынан «эксперттік топ» құру шешімі қабылданды.

Облыс прокурорының бұйрығымен «Эксперттік топтың» ережесі бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді. Ендігі жерде кәсіпкерлер қиындық туғызған мәселелері бойынша облыс прокуратурасы жанынан құрылған топтың уәкілетті тұлғаларына, облыс прокуратурасы немесе «Атамекен» ҰКП-ның облыстық филиалы арқылы өтініштерін білдіре алады.

Соңғы жаңалықтар