Түркістандық жастар туризм саласында жұмыс істеуге мүмкіндік алды

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Бүгін Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен облыстық «Жастар ресурстық орталығының», сондай-ақ қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл құжат жастардың туризм бағытында қызмет атқаруына, Түркістан қаласының тарихын жетік меңгере отырып, туристерге сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік бермек.

Тараптар осы келісім құжатын жасау арқылы біріккен бағдарламаларды іске асыру барысында нәтижелі ынтымақтастықты реттеуге басымдық беріп, еріктілердің тәжірибе алмасуын жолға қоюға және бірлескен мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға атсалыспақ.

Сондай-ақ, еріктілердің еңбек өтілі есептеледі. Оларға туризм бағытында қызмет атқарғанын растайтын арнайы сертификат беріледі деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар