Түркістандық жиһаз фабрикасы «Алтын сапа» сыйлығын иеленді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық «Grand Miks» жиһаз фабрикасы «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған марапат Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру шарасы кезінде берілді.

Еліміздегі үздік кәсіпорын атанған жиһаз фабрикасы жұмысын осыдан 20 жыл бұрын 4 адаммен бастаған. Ол кезде кішігірім цех ретінде ашылып, кейіннен мемлекеттік қолдаудың көмегімен компания өндірілген өнім түрін арттырған. Бүгінгі күні зауыт еліміздегі ірі өндіруші, ал «Grand Miks» атауы халықаралық трендтерді қолдайтын жиһаз өндірісі саласында брендке айналып отыр.

Айта кетейік, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы кәсіпкерлерге жыл сайын өнімнің сапасы мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін беріледі. Сондай-ақ, сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін тапсырылады.

Бұл жолы бизнес озаттарын марапаттау шарасына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, палатаның Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және кәсіпкерлер палатасының басшылығы онлайн қосылды.


Соңғы жаңалықтар