Түркістандықтар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандықтар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпараттық қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Мұқаш Ошаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұқаш Ошаевтың сөзінше, ресми құжаттарға апостиль қоюды қоспағанда, барлық қызметтер тегін. Аталған қызметті көрсету үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

«Соттылған-сотталмағаны жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, сотталмағаны туралы анықтамалар Қылмыстық Кодекстің 79-бабы тәртібінде соттылықтың өтелуін ескере отырып беріледі. Яғни, қылмыстық қудалау тоқтатылған, соттылығы жойылған немесе алынып тасталған азаматтар «сотталмаған» деген жазуы бар таза анықтама алады. Қызмет көрсетудің ең қысқа мерзімі – 10 минут, қосымша тексеру кезінде – 3 жұмыс күні болады», – деді Мұқаш Ошаев.

Айта кетейік, құқықтық статистика органдары бүгінде мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Олар азаматтардың бұрын-соңды сотталу-сотталмауы туралы, әкімшілік құқық бұзу, мұрағаттық анықтамалар беріп, прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды. Ендігі жерде бұл қызметтердің 3 түрін «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады. Яғни, кез келген азамат үйден шықпай-ақ, электронды цифрлық қолтаңба арқылы қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Әкімшілік құқық бұзу туралы мәліметтерді электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ала аласыз. Қызмет нәтижесін 15 минутқа дейін береді. Мұрағаттық анықтамаларды беру де жеңілдетілді. Мұрағаттық анықтаманы алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе веб-портал арқылы өтініш беру жеткілікті. Аталған қызметті көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.

Ал, «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылмаған, мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанда көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.

Жалпы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет беруші – Қр Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті.

Соңғы жаңалықтар