Түркия дәрігерлері 9 жасында екі қолынан айырылған тұрғынға қол тігіп берді

None
None
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияда екі қол білезігін трансплантациялау бойынша жасалған кезекті бесінші ота сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

34 жастағы пациент Явуз Айылмаздыр өзін жақсы сезінуде, ол қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Жерорта теңізі пластикалық, реконструктивтік және эстетикалық университеті хирургия кафедрасының оқытушысы, профессор Омер Азкан 14 сағатқа созылған ота кезінде еш қиындықтар туындамағанын айтты.

Айылмаздырға Жерорта теңізі университетінің ауруханасында қайтыс болған полиция қызметкерінің қол білезіктері тігілді. Явуз Айылмаздыр екі қол білезіктерінен 9 жасында Ыстанбұл қаласында динамиттің жарылуы салдарынан айырылған.


Соңғы жаңалықтар