Түркия Қазақстанға гуманитарлық қолдау көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 9 мамырда Алматыға Түркия Республикасының Үкіметі атынан гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүктің ішінде медициналық маска (150 мың дана), бетке арналған қорғаныс экраны (50 дана), көзді қорғайтын көзәйнек (100 дана), комбинизон (300 дана) және дезинфекциялық құралдар бар.

«Бауырлас Түркияның бұл қадамы коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі болып табылады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 11 мамырда Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі «Abdi Ibrahim» компаниясы да COVID-19 коронавирусымен күресуде белсенді қолданылатын, құрамында хлорокин бар «Kutlu» дәрісі мен ацетилцистеин препаратын Қазақстанға гуманитарлық қолдау ретінде жіберген.
Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.

Бұдан бұрын Қазақстанға гуманитарлық көмекті YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты басқа да бірқатар түркиялық инвесторлар жіберген еді.



Соңғы жаңалықтар