Түркия Сирияда «Бейбітшілік қайнары» әскери операциясын бастады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияның қарулы күштері Сирияның Евфрат өзенінің шығысында орналасқан аудандарда терроризмге қарсы «Бейбітшілік қайнары» операциясына кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Операцияның басталғаны туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Әскери операцияның мақсаты – Түркияның оңтүстік шекарасындағы аймақты бақылап отырған лаңкестерді жою, Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату.

«Бейбітшілік қайнары» операциясының арқасында Сирияда «қауіпсіз аймақ» құрылып, сириялық босқындар соған жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар