Түркияда 29 мамырдан бастап мешіттер ашылады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда 23-26 мамыр аралығында комменданттық сағат енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне слітеме жасап.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің коронавируспен қолдан келгенше күресіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, ел билігі 5,5 млн астам аз қамтылған халыққа қаржылай көмек көрсеткен.

Түрік көшбасшысы азаматтарға әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салды. Әйтпесе ауру қайта өршиді, ол жағдайда шектеу шараларын қайтадан қатаңдатуға тура келеді.

Оның сөзінше, билік коронавирустың таралуына қарсы коменданттық сағат енгізуді жалғастыра береді. Мұндай шара 23-26 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында тағы енгізіледі. Одан бөлек, эпидемияға байланысты 15 провинцияда кіріп-шығуға қойылған шектеу тағы 15 күнге ұзартылады.

«29 мамырдан бастап мешіттердің жұмысы біртіндеп қалпына келе бастайды. Covid-19 – бүкіләлемдік қатер. Проблема жаһандық деңгейде шешілгенде ғана бұл қатерден құтыламыз», - деп атап өтті Ердоған.

Оның айтуынша, Түркия пандемияның аяқталуын күтемін деп шекарасын толық жауып, күнделікті тіршілікті тоқтатып қойып, жылдар бойы отыра алмайды.


Соңғы жаңалықтар