+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Түркияда Анадолы агенттігінің басшысы ауысты

2021 жылғы 8 сәуір 00:15
Бөлісіңіз:
Түркияда Анадолы агенттігінің басшысы ауысты

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - «Анадолы» агенттігі директорлар кеңесінің басшысы және агенттіктің бас директоры ауысты. Бұл қызметке Сердар Қарагөз тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттікке сілтеме жасап.

Агенттіктің басқарма құрамының отырысы Анкарадағы бас кеңседе өтті. Мәжіліс қорытындысы бойынша «Анадолының» директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.

Соңғы алты жыл бойы директорлар кеңесін басқарған Шенол Казанжы қызметін Сердар Қарагөзге тапсырды.

Сонымен бірге директорлар кеңесінің жаңа құрамында доктор Юсуф Озкыр, профессор Хасан Нури Яшар, доктор Исмаил Чаглар мен Бюшра Карадуман Актун бар.

Лауазымын тапсыру кезінде Шенол Казанжы соңғы алты жыл бойы «Анадолы» агенттігінің ұжымы жемісті жұмыс істегенін атап өтіп, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT