Түркияда «ҚазАқпарат» директорлар кеңесінің мүшесі Қамбар Омаров марапатталды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда «ҚазАқпарат» ХАА» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Қамбар Омаров марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ол Facebook парақшасында хабарлады.

«2021 жыл жақсы жаңалықтармен басталып отыр. Түркі әлемінде қазақ мәдениетін насихаттап, алға ілгерілетіп және халықаралық жобаларды жүзеге асырып жүргенім үшін ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов «Абай - 175 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Осы награданы Түркия президентінің кеңесшісімен, саясаткерлер және елшілермен, Түркияның ірі қалаларының мэрлерімен қатар алғаныма қуаныштымын. Бiз Қазақстанға қызмет етеміз» деп жазады Қамбар Омаров.

Айта кетейік, кеше Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының штаб пәтерінде ұлы ақынның мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы жарыққа шығарған «Абайды оқығанда» альбомының тұсауы кесілді. Онда түркі әлемі суретшілерінің туындылары жинақталған.

Сонымен бірге осы кеште ұйым 2020 жылы Абай есімін және мұраларын насихаттап, таратуға үлес қосқан жандарды құрмет медалімен марапаттады.



Соңғы жаңалықтар