Түркияда түркі тілдес елдер тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Расул Жармағамбетов Түркияның Билькент симфониялық оркестрі концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркияның танымал Билькент симфониялық оркестрі жаңа маусымдағы концертін Түркі әлемі өнерпаздарымен бірге бастады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жоба аясында Жоржа Бизенің «Кармэн» операсы сахналанды. Бұл мәдени іс-шараны Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы бауырлас елдер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Әзербайжандық Эльшад Багиров дирижерлік еткен концертке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты жерлесіміз Расул Жармағамбетов те қатысты», - деп мәлім етті Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Бақытжан Омаров.

Оның атап өтуінше, концертте Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан әншілері де өнер көрсеткен.

«Пандемия кезінде операны сағынған халық концерт залын лық толтырды. Маусымның ашылуына 3 мыңға жуық көрермен қатысты», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар