Түркияда зілзала салдарынан 4 адам мерт болып, 120 тұрғын жараланды

None
None
ИЗМИР. АНАДОЛЫ–ҚазАқпарат – Измир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан 4 адам қаза тапты, тағы 120-сы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Түркиядағы Измир жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.

Зілзала ошағы 16,5 шақырым тереңде болған.

Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қирады.

Қазіргі мәлімет бойынша жер сілікінісінен Измирде 4 адам мерт болып, 120 тұрғын зардап шеккен.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Измирдегі зілзала салдарынан зардап шеккен отандастарына алаңдаулы екенін жеткізді.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы жер сілкінісі болған провинциядағы қазақстандықтар көмек қажет болса елшілікке хабарласуын сұрады.


Соңғы жаңалықтар