Түркиядағы ұшақ апаты: СІМ қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ Түркияның Ыстанбұл қаласындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болған. Апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 2 қазақстандық болған.
Соңғы жаңалықтар