Түркиядағы зілзала: Көмек қажет болса, қазақстандықтар елшілікке хабарласа алады

None
None
ИЗМИР. ҚазАқпарат - Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook парақшасында жазды.

«Өте шұғыл! Өте маңызды! 30 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.51 шамасында эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар ауданына жақын жерде, Эгей теңізінде 6.6 баллдық (кей ақпарат көздеріне сәйкес, 6,8 немесе 7 баллдық) қуатты жер сілкінісі болды. Зілзала Түркияның Эгей және Мармара теңіздерінің жағалауында орналасқан провинцияларда сезілді. ҚР Елшілігі тиісті түрік мемлекеттік органдары және мекемелерімен байланыс орнатып, мән-жайды анықтап жатыр» деп жазды елші.

Оның айтуынша, әзірге зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.

«Көмек қажет болса, азаматтарымыз тікелей елшілікке +903124919100 нөміріне немесе маған хабарласа алады» деп атап өтті Абзал Сапарбекұлы.

Еске сала кетейік, бүгін Түркияның батысында жер сілкінгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар