Түркияның 15 провинциясында коменданттық сағат енгізілді

None
None
АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Түркияның 15 провинциясында төрт күндік коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешімді ел президенті Реджеп Тайип Эрдоған коронавирус инфекциясымен (COVID-19) күрес шаралары аясында жариялады.

16 мамырда басталған коменданттық сағат Анкара, Былкесир, Бурса, Эскишехир, Газиантеп, Ыстанбұл, Измир, Кайсери, Коджаэли, Конья, Маниса, Сакарья, Самсун, Ван және Зонгулдаг провинцияларында сейсенбі, 19 мамырда түн ортасына дейін созылады.

ІІМ шешімі бойынша 16 және 17 мамырда жоғарыда көрсетілген провинцияларда супермаркеттер, азық-түлік және ет сататын дүкендердің, сондай-ақ онлайн-сатылыммен сауда жасайтын компаниялардың жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Ал 18 және 19 мамырда азық-түлік және ет сататын дүкендер сағат 10.00-16.00 аралығында жұмыс істейтін болады.


Соңғы жаңалықтар