Түркияның ТРТ арнасы Нұр-Сұлтан қаласы туралы бағдарлама әзірлеуде

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның мемлекеттік арнасы ТРТ-нің түсірілім тобы Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТРТ мен Юнус Эмрс институты арасында қол қойылған ынтымақтастық аясында түсірілім тобы өз жұмыстарын бастап кетті. Нұр Сұлтан Юнус Эмре институтының курстарында түрік тілін үйреніп жатқан оқушылар елорданы Түркиялық көрермендерге түрікше таныстыратын болады.

Жалпы «Қалама қош келдіңіз» атты жоба 13 бөлімнен тұрады. Бұдан бұрын Европаның ірі қалалары Лондон, Рим, Париж, Амстердам, Будапешт, сондай –ақ Москвада түсірілім жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарламаның сегізінші бөлімі толықтай Нұр Сұлтан қаласына арналған.

Юнус Эмре орталығында оқитын 2 қазақстандық оқушы қаланың көрікті жерлеріне барып қысқаша тарихын баяндап көрермендерге таныстырады. ТРТ тобы Бәйтерек монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан шатыр ойын сауық және сауда орталығы, Қазақстан Ұлттық музейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Әзірет Сұлтан мешіті, Атырау көпірі, ЭКСПО -2017 кешені мен Қазақ елі монументі сияқты Елорданың ең танымал орындарын түсіреді.

Қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен саз сырнай тартатын өнерпаздар түрік көрермендерге өз өнерлерін паш етеді. Сондай –ақ жүргізушілер қазақ ұлттық тағамдарын әзірлейтін елордадағы ресторандарда тағамдардың дәмін татып, қазақ асханасы туралы түрік көрерменге мәліметтер ұсынатын болады.

Продюсер-режиссер Парлайан Йылдыз, операторлар Мевлют Дөнер мен Селчук Карачам дайындайтын бағдарлама TRT арналарында көрермендерге жол тартады.


Соңғы жаңалықтар