ТҮРКСОЙ «Жастар хоры» Түркияда гастрольдік сапарын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТҮРКСОЙ «Жастар хоры» Түркияда гастрольдік сапарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының түбі бір түркі елдері Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралары жалғасуда. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен «ТҮРКСОЙ Жастар хоры« Түркияда гастрольдік сапарын бастады. Турне алдымен Хатай қаласында шымылдығын түрді. Хордың құрылған күнінен бастап дирижерлік етіп келе жатқан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Гүлмира Құттыбадамова Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның вокалистерімен түркі әлемінің танымал туындыларын орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленіп келеді. Хатай қаласының мэрі Лютфү Саваш өнерпаздарға барша тұрғындардың атынан алғыс айтты», - делінген аталған халықаралық ұйым таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, түркі елдерінің талантты вокалистерінің басын қосқан «ТҮРКСОЙ Жастар хоры» 2015 жылы құрылды. Сол жылы Германияда өткен Дүниежүзілік хор олимпиадасында үш түрлі номинацияда Алтын медаль иеленді. Былтыр хор өзінің бірнеше альбомын шығарды. 11 қыркүйек күні Измир қаласында өтетін Бірккен қалалар мен жергілік әкімшіліктер дүниежүзілік ұйымы саммитінің жабылу салтанатында «ТҮРКСОЙ Жастар хоры», Измир мемлекеттік театр және балет хоры мен оркестрі, сондай-ақ түркі әлемінің танымал солистері атақты композитор Аднан Сайгүннің «Юнус Эмре» ораториясын орындайды.


Соңғы жаңалықтар