Түрмедегі атыс: 7 адам қаза тауып, бірнеше тұтқын қашып кетті - Гаити

None
None
ГАВАНА. ҚазАқпарат - Порт-о-Пренс маңындағы түрмеден қашуға әрекет жасаған жеті адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат EFE агенттігіне сілтеме жасап.

Бірнеше сотталушы қашып үлгерді, полиция оларды іздестіруде. Жалпы алғанда, түрмедегі тұтқындардың саны 1 мыңға жуық. Олардың ішінде ақпан айының басында ел Президенті Жовенель Моизге қастандық жасағаны үшін қамауға алынғандары да бар.

Айта кетерлігі, 2014 жылы сырттан күзетшілерге қарулы шабуыл жасалып, бұл мекемеден бірнеше сотталған адам қашып кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар