Түрмелерде коронавирустың жаңа толқынына дайындық қалай жүргізілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов еліміздің түзеу мекемелерінде коронавирустың жаңа толқынына дайындық қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен-ақ алдымызда қылмыстық атқару жүйесінің жабық мекемелерінде індеттің таралуына жол бермеу міндеті өткір тұрды. Біз жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, жедел түрде тиісті жоспар әзірледік. Әрбір мекеме азаматтық бейіндегі медициналық ұйымдарға бекітілді. Түзеу мекемелері аумағында провизорлық және инфекциялық стационарлар ашылып, ауқымды карантин шаралары өткізілді. Заласыздандыру шаралары қарқынды енгізіліп, антисептик құралдармен ғимаратты тазалау жүргізілді. Кейбір мекемелерді казармалық жағдайға көшірген жайт та орын алды», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қызметкерлер инфекцияның таралуына жол бермеу үшін вахталық әдіспен тәуліктеп мекеме аумағынан шыққан жоқ. Соның арқасында жағдай тұрақталып, сотталушылардың жаппай ауруына жол берілмеді.

«Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа толқынының күтілуін ескере отырып, дәрілік заттардың қажетті қоры, медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Медициналық кадрларды да жинақтап отырмыз. Олардың жалақыларын және еңбек жағдайлар көтеру мәселесі шешілуде. Қабылданған шаралардың арасында біз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап тұра аламыз», - деді Жанат Ешмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар