ТурСтат порталы рейтингі: Нұр-Сұлтанда нағыз ерлер тұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат порталы Интернет-сауалнама қорытындысына сәйкес ТМД елдерінің ержүрек ерлері көп тұратын қалаларының рейтингін жариялады. Сауалнама қай қаланың ерлері ең мықты әрі ержүрек деген тақырып төңірегінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен сауалнама қорытындысына сәйкес, ең мықты әрі ержүрек азаматтар тұратын ТМД қаларының қатарына Мәскеу, Екатеринбург, Минск, Дондағы Ростов, Краснодар, Челябі, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа және Нұр-Сұлтан қалалары кіріп отыр.

Интернет арқылы жүргізілген сауалнама барысында Мәскеуге 14, Екатеринбургке 11, Минскіге 10, Дондағы Ростовқа 9, Краснодарға 8, Челябіге 6, Санкт-Петербургқа 5, Қазан мен Уфаға 4 және Нұр-Сұлтан қаласына 3 пайыз дауыс берілген.

Рейтинг ақпан айының екінші жартысында порталға кірген 5 мыңнан астам адамның арасында жүргізілген Интернет-сауалнама нәтижесі бойынша әзірленген.


Соңғы жаңалықтар